Спорт • 27 Маусым, 2022

«Уимблдон» додасы басталды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннисшілдердің «Уимбл­дон» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт өкілі бақ сынауда.

«Уимблдон» додасы басталды

Әйелдер арасындағы жарыста екі ойыншымыз да өте мықты қарсыластарға тап болды. Алғашқы айналымда еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі. Үздіктер тізімінде 41-орын­­да тұрған 33 жастағы Қытайдың өкілі WTA турнирлерін 15 рет ұтып, осыдан төрт жыл бұрын дәл осы доданың ширек финалына дейін жеткен. Юлия Путинцева Ализе Корнемен шеберлік байқасады. Әлемдік рейтингте 44-орынды еншілеген 32 жастағы франциялық ару да кезінде біраз белесті бағындырды. Тарқатып айтсақ, WTA жарыстарында алты рет топ жарған ол Аустра­лия­ның ашық біріншілігінің ширек финалында өнер көрсетті.

Ерлер арасындағы турнирде Александр Бублик Мартон Фучовичпен күш сынасады. Мажарстанның мықтысы былтыр Уимблонда үздік сегіз теннисшінің қатарына қосылды. Ал Михаил Кукушкин америкалық Дженсон Бруксбимен кездеседі.