Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Team Kazakhstan академиясының түлектері биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатында өнер көрсетпекші.
Аружан мен Сандуғаш жекелей сында 2-10 шілде аралығында өтетін іріктеу сайысында өнер көрсетеді. Жарыс жеребесі 30 маусымда таратылады.
Осылайша, А.Сағындықова мен С.Кенжебаева Уимблдон кортында алғаш рет бақ сынайды.