Бұл жоба әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында енгізілді. Электронды цифрлы қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент сол жерде офлайн режімде жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасай алады. Бұл жаңа жоба азаматтардың уақытын ғана емес, қаржысын да үнемдейді. Себебі ХҚО арқылы көрсетілетін қызмет құны 7 100 теңгені құрайды, ал нотариустарда бұл 6 есе қымбат.
2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны енгізетін құрылыс компанияларының тізімін кеңейту жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Отбасы банк» АҚ-мен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, Blockchain технологиясы арқылы тұрғын үйді жалға беру шартын онлайн ресімдеу жобасын іске қосқан болатын.
Егер бұрын клиенттер тізімдегі құжаттарды жинап, оны әкімдікке өткізген соң тағы 15 жұмыс күнінде күтетін. Ал жаңа қызметтің нәтижесінде бүкіл процесс 2 сағаттай ғана уақыт алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай провайдер болып табылады. Ол төрт негізгі бағыт бойынша – халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік бойынша барлық мемлекеттік қызметтердің 95,9% көрсетеді.