Спорт • 28 Маусым, 2022

«Тобыл» «Астананы» қуып жетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында жеті кездесу өтіп, со­ның үшеуінде қонақтар жеңіске жет­се, үшеуі тең аяқталды. Тағы бір бәсе­­кеде алаң иелерінің мерейі үстем болды.

«Тобыл» «Астананы» қуып жетті

Сенбіде екі ойынды тамашаладық. «Ақ­жайық» Оралда Шымкенттің «Ордабасы» клубына есе жіберді – 0:1. Бұл матчтағы жал­ғыз голды 77-минутта Одилбек Әбду­мә­житов соқты. Павлодарда «Ақсу» мен Қара­ғандының «Шахтеры» тең тарасты – 1:1. Жексенбіде тағы бес бәсекенің куәсі болдық. «Ақтөбе» «Астананы» 4:1 есебімен ойсырата ұтты. «То­был» Петропавловскіде жергілікті «Қызыл­жарды» 3:1 есебімен еңсерді. Осы жеңі­сінің арқасында қостанайлықтар көш басын­дағы «Астананы» қуып жетті. «Каспий» Ақтауда Түркістанның «Тұранына» жол берді – 0:2. «Тараз» бен «Қайрат» және «Мақтаарал» мен «Атырау» арасындағы кездесулерде 1:1 есебі тіркелді.

15-турдан кейін «Астана» мен «Тобыл» көш басында үзеңгі қағыстырып келеді. Екеуінде де 24 ұпайдан бар. Олардан бір ұпай кем жиған «Ақтөбе» үздік үштікті түйіндеуде. Ал көш соңындағы «Мақтаарал» небәрі

10 ұпайды қанағат тұтуда.