Спорт • 28 Маусым, 2022

Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді

Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылғындыру әдісімен жеңді. Бұл  оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға төмендеп, 12-орынға түсті.