Қазақстан • 28 Маусым, 2022

Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Шекара академиясының 200-ден астам курсанты алғашқы офицерлік шен алып, қасиетті білім шаңырағының қабырғасынан түлеп ұшты. Рәсімге ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаев және ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Е.Алдажұманов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты

Рәсім қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Шекарашылар академиясын бітірушілерге диплом мен кеуде белгісін тапсыру рәсіміне қатысқан мәртебелі қонақтардың арасында Шекара қызметінің генералы Құсайын Иманғалиұлы Берқалиев бастаған ардагерлер де болды.

Диплом тапсыру рәсімінен кейін басталған шараның алғашқы сөз кезегі берілген ҚР ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев бітіруші түлектерді бүгінгі атаулы күнмен құттықтап, олардың ел шебіндегі қызметтеріне сәттілік тіледі. ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Алдажұманов осыдан төрт жыл бұрын курсант атанып, шекара қызметінің тактикасын үйренуге кіріскен бозбалалар – бүгін алғашқы офицерлік шенге қол жеткізген лейтенанттарға жауапты сенім артылатынын жеткізді.

Жас лейтенанттармен бірге 20-дан астам магистрант диплом алды. Қазақстандық шекарашылардан бөлек, оқу орнын Тәжікстан және Қырғыз Республикасынан келген 30-дан астам шетелдік курсант сәтті бітірді.  

а

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03