Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аман Бәрікенов, Ұлантай Үсенов және Абзал Жайлыбаев Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Аман Бәрікенов - Жезқазған қаласының тумасы. Ол Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қаржы академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті дамыту және қаржылық бақылау департаментінің сарапшысы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарған.

2019 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің экономикалық бөлімінің меңгерушісі болды.

Ұлантай Үсенов Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Жаңаарқа аудандық мәслихаты аппаратының маманы болып бастаған. Әр жылдары Жаңаарқа, Абай аудандарында, Сәтбаев қаласында жауапты мемлекеттік лауазымдарда еңбек еткен.

2018 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.