«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі өз мәресіне жетті. Биылғы байқаудың ерекшелігі сол – салтанатты іс-шара журналистер күнімен тұспа-тұс келді. Және бір атап өтер жаңалық, алғаш рет жоғары мемлекеттік наградалар кәсіби мерекеге арнайы орайластырылып, БАҚ саласының бірқатар қайраткері мен білікті өкіліне тапсырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл қадамын журналистиканың әділетті қоғам құрудағы маңызына назар салғаны деуге негіз бар.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
«Тұмар» байқауының жеңімпаздары анықталды
Қызыл кілем, сәні мен мәні келіскен безендіру, әсем киінген телемамандардың шат-шадыман көңіл күйі журналистердің төл думаны, кәсіби мерекесінде ерекше әсер сыйлады. «Қазмедиа» орталығының концерт залында өткен телеөнер тойына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Аmanat партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Парламент Сенатының депутаттары Дана Нұржігіт, Дархан Мыңбай, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС бас директоры Дархан Қыдырәлі, QAZAQSTAN РТРК АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, Президент Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақ телевизиясының ардагерлері мен журналистер, эстрада әншілері қатыс-
ты.
2017 жылдан бері жыл сайын қазақ телевизиясы үздіктерін анықтап, тележурналистердің кәсіби дәрежесін көтеруге арналған «Тұмар» сыйлығы биыл 10 аталым бойынша жүзден жүйрік шыққан мықтыларға бұйырды. Сараптау алқасына 300-ге жуық өтінім келіп түскен, ең көп өтінім «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізуші» аталымдары бойынша қабылданған.
Сонымен бәйге қорытындысы бойынша ең алдымен Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Үздік деректі фильм» аталымының жеңімпазын жариялады. Мұнда ATYRAY телеарнасы түсірген «Каспийден кеткен қыпшақтар» фильмі топ жарды.
«Үздік ақпараттық бағдарлама» жүлдесіне ASTANA TV телеарнасының Saraptimes бағдарламасы лайық деп танылды. Мүсіншені Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов табыстады.
«Үздік әлеуметтік жоба» аталымында «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» жобасы көш бастады. Оны Президент Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті.
«Үздік ток-шоу» жүлдесін журналист Кемелбек Ойшыбаев берді, бұл жүлдені «Atameken Business» телеарнасының «Время говорить» жобасы жеңіп алды.
«Үздік ойын-сауық бағдарламасы» аталымында «Алматы» телеарнасы әзірлеген «Almaty Bala Fest» жобасы үздік атанды. Жүлдені Сенат депутаты Дана Нұржігіт тапсырды.
«Үздік телевизиялық сериал» сыйлығын табыстау үшін сахнаға «Экспресс-К» газетінің бас редакторы Александр Аксютиц шақырылды. Мұнда қазылар алқасының шешімімен Qazaqstan ұлттық телеарнасы түсірген «Ахмет. Ұлт ұстазы» үздік сериал атанды.
Сонымен бірге аймақтар арасында Turkistan телеарнасы «Үздік аймақтық телеарна» атанды. Бұл сыйлықты Amanat партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов табыстады.
«Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясында «Qazaq TV» телеарнасының «Жена» жобасы топ жарды.
«Үздік тележурналист» жүлдесін Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай табыс етті. Мұнда «Хабар 24» телеарнасының Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшісі Владислав Цой жеңімпаз атанды. В.Цой салтанатты марапаттау кешіне Сеулден тікелей эфирге шықты.
Кеш соңында «Үздік тележүргізуші» аталымында «31 арна» тележүргізушісі Асқар Меңдібаев жеңімпаз атанды. Жүлдені Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров табыстады.
«Әділқазы алқасының арнайы сыйлығы» «Балапан» телеарнасына бұйырды. Арнайы сыйлықпен Ерлан Қарин марапаттады.
Айта кетсек, «Тұмар» жүлдесін марапаттау кешінде Балалар жылына ерекше мән берілді. Кешті балалар жүргізді және барлық жеңімпаз балалармен бірге сахнаға шықты.
«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Жеңімпаздар қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды.
Сөйтіп, тележұлдыздар «Тұмар» сыйлығын иеленіп, кәсіби мерейін өсірген мазмұнды кеш соңы эстрада әншілерінің тамаша өнер көрсетуіне ұласып, жеңімпаздарға естелік кубок табыс етілді.
Кәсіби мерекенің шарықтау шегі
Президенттің Жарлығымен биыл елімізде алғаш рет кәсіби мерекесінде журналистерге мемлекеттік марапаттар, жоғары ордендер беріліп отыр. Оны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров арнайы өзі келіп тапсырды. Бұл жаңа үрдіс ақпарат саласының майталмандарына көрсетілген айрықша құрмет деп бағаладық.
Бірқатар мемлекеттік БАҚ саласындағы журналистерге «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Президентінің Алғысхаты, «Шапағат» медалі табысталды. Осы топта Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары, қазақ журналистикасында ұзақ жылдар бойы талмай еңбек етіп келе жатқан танымал журналист Талғат Батырхан «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар бүгінде бір ұжымға біріктірілген «Казахстанская правда» газетінің белгілі фототілшісі, Желтоқсан оқиғасында түсірген біршама тарихи фотолардың авторы Юрий Беккер де «Құрмет» орденін өңіріне тақты. Өз иесін тапқан марапат қашанда құнды болса керек.
1691 қазақстандық коронавирустан сауығып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:23
9 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:15
Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды
Президент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 1128 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Футбол • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Кәсіпкерлерге push-хабарлама жібереді
Технология • Бүгін, 08:37
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:34
Мобильді бригадалардың жұмысы ширай түсті
Медицина • Бүгін, 08:32
Аурухананың жаңа корпусы ашылады
Медицина • Бүгін, 08:30
Мүгедек жандардың әлеуметтенуін қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?
Қаржы • Бүгін, 08:23
«Ауыл аманаты» үмітті ақтаса игі
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Аумақтық органдарға арналған семинар-кеңес
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар