Тұрғын үй құрылысы – шешілмей жатқан түйіндері шаш етектен келетін сала. Әсіресе үлестік құрылыс дегенде арыз бен шағым қарша борайды. Қазақстанның қай қаласына барсаңыз да құрылысы қаңтарылып қалған тұрғын үй кешендерін тауып алу қиын емес. Былтыр елорда әкімдігі 13 мың үлескердің проблемасын шешті. Биыл жыл соңына дейін 40 құрылыстың проблемасын біржақты етпек. The Steppe мәліметінше, Алматыда 24 нысан құрылысы ұзаққа созылуы тұрғысынан өзіндік рекордтан үміткер.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Алматы қаласындағы Медеу ауданында – 7, Алмалыда – 6, Бостандық пен Алатауда – 3, Әуезовте – 2, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында 1 құрылыс нысаны әлі аяқталмай тұр. Құрылысқа кедергі келтірген факторлар ішінде қаржы жетіспеушілігі мен сот процесі жиі айтылады.
«Биыл бес айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сапасыз құрылыс саласында – 2, сараптамалық немесе инжинирингтік жұмыстарды тиісінше орындамау саласында – 2, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі нормативтерінің ережелерін немесе талаптарын бұзу саласында 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу саласында 71 жағдай тіркелді. Соңғы бап бойынша бұзушылықтар саны жылына 7 еседен астам өсті», дейді Ranking сарапшылары.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында құрылыс нысандарында жалпы сомасы 169 млн теңгені құрайтын 615 әкімшілік құқық бұзушылық есепке алыныпты. Профилді комитет 32 тексеріс жүргізіп, 26 ұйғарым жасалған. 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
«Жалпы алғанда үлестік құрылыс проблемалары шешіліп жатыр. Мысалы, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ «Казреестр» бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту жұмыстарын жүргізуде. «Казреестр» – тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу келісімшарттарын тіркейтін ақпараттық жүйе. Аталған жүйе келісімшарттарды тіркеу туралы анықтама беруге кететін уақытты үнемдейді. «Казреестрді» дамыту аясында биыл келісімшарттарды тіркеу уақытын тағы бірнеше сағатқа қысқарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ құрылыс компанияларының жеке кабинетін құру да маңызды қадам саналады», деп жазады Ranking.
Үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын жетілдіру және үлескерлер қаражатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар қабылдау бойынша мынадай ұсыныстар беріліп отыр.
Біріншіден, «Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы» Заңын бұзғаны үшін жазаны күшейту. Үлескерден ақшаны заңсыз жолмен алып, қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту. Екіншіден, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алу арқылы үлестік құрылыс жүргізіп жатқан құрылыс салушыны рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қарастырылып отыр. Аталған механизм бойынша, қаржылық орнықты компаниялар үшін әдеттегі кепілдендіру механизмі сақталады, ал рейтингі төмен компанияларға халық қаржысы уәкілетті мемлекеттік орган арқылы беріледі.
Қай кезде де, жауапкершілікті күшейтуге сеп болатын фактор – қатал талап пен қатаң жаза. Жауапкершіліктен жалтарған құрылыс компаниясы сонда ғана ығады. Үлестік құрылыс саласын ашық етуге бағытталған шаралар жемісін береді, үлескерлер проблемасы шешіледі деп үміттенеміз.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар