Қоғам • 29 Маусым, 2022

«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Астана Опера» театрында мәдениет пен өнерді насихаттап жүрген журналистер «Алтын Томирис» сыйлығымен марапатталды. Мерекелік жиынға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты.

«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды

Журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтаған министр, ең алдымен ақпарат са­ла­сының ел дамуы жолындағы маңыз­дылығына тоқталды.

«Медиа, тек жаңалық тарататын құрал емес, ол – еліміздің қауіпсіздігі мен идео­логиясының да өзегі. Өздеріңізді бейнелеп айтқанда, қоғамның барометрі десек жа­ра­сады. Билік пен халықтың арасын жалғап, ақиқаттың ашық алаңында жүр­ген әрқай­сыңыздың еңбектеріңіз бағалы. Мемлекеттік саясатты қалың бұқараға түсіндіруде, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде қозғауда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Сіздерге артылған жауапкершілік үлкен. Сол жүкті ауырсынбай арқалай алатын күш-жігер тілеймін», деді Дәурен Абаев.

Марапатталғандар қатарында Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Хабар 24», «Қазақ ТВ», Qazaqstan, «Мир» телеарналары, «Вечерняя Астана», «Новое поколение» газеттері, Қазақпарат, Baigenews.kz ақпараттық агенттіктерінің тілшілері бар.

Салтанатты рәсім аясында опера труп­па­сының солистері өнер көрсетіп, мерекелік концерт ұсынылды.

Айта кетейік, аталған сыйлық биыл екін­ші рет беріліп отыр.