Тағайындау • 29 Маусым, 2022

Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ бұйрығымен Асқар Тақсымов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды

Асқар Тақсымов 1987 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы University College London (UCL) түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы бастады, мемлекеттік және жекеменшік секторларда түрлі қызметтерді атқарды.

2018-2019 жылдары «Nazarbayev University» ДББҰ Технопаркінің директоры 2019-2021 жылдары «Astana innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

 

Соңғы жаңалықтар