Байқадыңыздар ма, біздің Үкіметтің жұмыс істеу стилі өзгерген секілді. Көп жағдайда астанадағы ат шаптырым кабинетінен алты қадам аттап шығуға құлықсыздық танытатын министрлер қазір өңірлерді аралап жүр. Бұл – үлкен өзгеріс. Өйткені қаржы мен билік орталықта болғанымен, проблеманың бәрі өңірлерде ғой.

Аталған өзгерістің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан тұжырымдамасынан кейін бастау алғаны айтпаса да түсінікті.
Естеріңізде болса, Президент биылғы сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы қаулыны бекітті. Қаулыға сәйкес, Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерінен басқа ведомстволардың басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізуі керек.
Сондай-ақ олар қандай да бір өңірде жетекшілік ететін сала бойынша жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындаған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізуге міндетті.
Сонымен қатар онлайн-трансляциялар, қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізу жағын да қарастыруы керек. Қаулыда көрсетілгендей, кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірінен аспайтын бөлігін баяндамаға, қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматына арнауы керек.
Президенттің осы бір бастамасы өз жемісін беріп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Мәселен, осы айдың басында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына барып, бас-басына би болған жол салушы мердігерлерді «орнына қойғанын» көрдік. Орал мен Атырау арасын көлікпен жүріп өтіп, жөндеу жұмыстарымен жіті танысып қайтқанын естігенде ішіміздің жылып қалғаны және рас.
Сол секілді осы айдың орта тұсында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Ақтөбеге барған сапарын Facebook арқылы қадағалап отырдық. Әдетте қоғамда министрлер облыс орталығынан әріге бармайды деген түсінік қалыптасқан ғой. Ақпарат министрі Ырғыз ауданына барып, одан алыстағы Алға деген ауылдың халқымен жүздесіп, «тот басқан» түсінікті тотынан арылтқандай болды. Министр Асқар Омаровпен кездескен Алға жастарының ендігі өмірі де бұрынғыдай болмасы анық.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің соңғы бір айда Ақтөбе және Павлодар облыстарына барғанын, халықпен бірнеше кездесу өткізгенін көріп қуандық.
Шынында да, министрлердің аудан-ауылды аралауы билік пен бұқара арасындағы алшақтап кеткен байланысты жақындастырып, нығайта түсері ақиқат. Ең бастысы, халықтың билікке деген сенімін арттырары даусыз. Сенімнен үлкен ештеңе жоқ екенін ескерсек, Үкімет жұмысындағы оң өзгерістер жақсылықтың ауылына бастайды деген үміттеміз.
Министрлер өңірлерді жиі аралап, аудан-ауылды тегіс қамту арқылы жергілікті жердегі өзекті проблемалармен жете танысады. Жағдайға сырттай қаныққанан гөрі, көзбен көріп, жүрекпен сезінген, жергілікті халықтың үніне құлақ түрген әлдеқайда жақсы ғой. Сонда мәселенің шешу жолдарын табу да оңайға түседі.
Біз «бұрынғы министрлер өңірлерге бармайтын еді» деуден аулақпыз. Олар да шама-шарқынша аудан-ауылды аралағаны даусыз. Бірақ олардың жолы қазіргідей жиі түсе бермегені белгілі. Бәлкім, ондай қажеттілік те болмаған шығар.
Осы орайда тағы бір жайды айтып өтпеске болмайды. Министр секілді мәртебелі меймандардың барыс-келісі өңірдегі шенеуніктерді әбігерге түсіретіні және бар. Министр – қатардағы көп қонақтың бірі емес. Сондықтан жергілікті басшылық оларды жақсылап күтіп алуға, иіліп жастық, жайылып төсек болуға тырысады. Оның астарында «Өңірге оң көзбен қарай жүрсін» деген тілек жатқаны айтпаса да түсінікті ғой. Өкініштісі, қонақ күтуге бюджетте қаржы қарастырылмағандықтан, шенеуніктер көп жағдайда кәсіпкерлердің көмегіне жүгінеді. Сыбайлас жемқорлықтың бір себебі де осында жатқандай. Ол енді бөлек әңгіме...
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар