Спорт • 30 Маусым, 2022

Асудың қарсыласы анықталды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 шілдеде Бразилияның Гояния қала­сында аралас жекпе-жектен өтетін BRAVE CF 60 турнирінде қазақ спортшысы Асу Алмабаевтың кіммен күш сынасатыны белгілі болды.

Асудың қарсыласы анықталды

Аса жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қандасымыз АҚШ-тың өкілі Зака Ма­ковскимен айқасады. 39 жастағы Пенсильвания штатының тумасы осы спорт түрін серік еткеніне 16 жылға жуықтады. Сол аралықта 31 кездесу өткіз­ген ол 21 рет жеңіске жетті. Сегіз бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 2010 жылы ол Bellator промоушенінде бақ сынап, чем­пиондық белбеуді иеленді. Зак 2013-2016 жылдар аралығында UFC-де айқасты. Әлемнің ең белді ұйымының туы астында жеті рет октагонға шығып, үш рет басымдық танытты. Скотт Йоргенсен, Джош Сэмпо және Тим Эллиотты ұтқан ол Жуссьер Формига, Джозеф Бенавидес, Джон Додсон және Дастин Ортиске есе жіберді.

28 жастағы Асу Алмабаевтың аралас жекпе-жекпен айналысып жүргеніне тоғыз жылдан асты. 15 кездесуінің ол тек екеуінде ғана ұтылды. Тоғыз бәсекеде Асу айқын басымдық танытты.