Аймақтар • 30 Маусым, 2022

Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жарияланатыны хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады

Облыс әкімінің Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде жергілікті тұрғын денсаулық сақтау саласының жұмысына шағым білдірді.

«Менің Түрксіб ауданындағы емхана қызметкерлерінің жұмысына көңілім толмайды. Медицина мамандарының салғырттығынан былтыр жұбайымнан айырылып қалдым. Қадағалау органдарына арыз да түсірдім, менің ойымша емдеу мекемесінің басшысына шара қолдану керек», деді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев алдағы уақытта қаланың денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалатынын айтты.

«Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына конкурс жариялайды. Жақында жаңа басшы тағайындалады», деді Ерболат Досаев.