Аймақтар • 30 Маусым, 2022

Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында Павлодар облысының аумағында «Нелегал-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды

Осы кезеңде шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтауға, шетелдіктерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге, көші-қон заңнамасын бұзудың қылмыстық жазаланатын фактілерін анықтауға полицейлердің ерекше назары аударылатын болады. Сондай-ақ, қонақ үйлер бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» заң талаптарының сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының м.а. Гомар Шәрипиденов хабарлайды.

Аталған іс-шараның екі күнінде 124 шетелдік азамат елде болу ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартылды, оның 60-ы еңбек қызметі ережелерін бұзғаны үшін, 11 жұмыс беруші еңбек қатынастарын қамтамасыз етпегені үшін тартылды.

Мәселен, Новосібір облысының 44 жастағы тұрғыны мемлекеттік шекараны айналып өтіп, Қазақстанға кіріп, полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Заңсыз енудің мақсатын шетелдік енді тергеушіге түсіндіретін болады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде Өзбекстанның 8 азаматы тиісті рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Енді олардың жалақысы айыппұлды жабуға кетеді, жұмыс беруші де әкімшілік айыппұлды күтеді.