Туризм • 30 Маусым, 2022

Туристер қызығатын өлке

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауға туристердің қызығушылығы жоғары. Облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Утешовтің айтуынша, бұл жаққа жыл басынан бері 55 мыңға жуық турист келген.

Туристер қызығатын өлке

Нақтырақ айтсақ, өңірге жыл басынан бері 54 575 адам келген және бұл өткен жыл­­мен са­лыстырғанда 2 мың адамға артық.

– Өңірде туристер тоқтайтын орын­дар саны 98-ге жетті, нө­мір­лер саны – 3 810. Жалпы, жыл басынан бері 1,2 млрд теңгеге қыз­мет көрсетілген. Көрсеткіш 1,2 есеге өсті. Сонымен қатар са­лаға тар­тылған инвестициялар да артқан. Мә­селен, ойын-сауық, тамақтану сын­ды қызмет түр­лерінен 2021 жыл­дың қоры­тын­дысы бойынша 43,8 млрд тең­гені, 2022 жылдың қаң­тар-сәуір айларында 3,97 млрд тең­гені құрады, деді Д.Утешов.

Биыл туризм саласына қа­тысты құны 40 млрд теңгеден ас­там 6 жобаны іске қосу жоспар­лан­ған.

– 2022-2025 жылдары мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 100 млрд теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осылайша, туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа турис­тер ағынының өсуіне мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындарын ашуды, салық аударымдарының түсуін қамтамасыз етеді. Туризм­нің бір саласын ғана емес, эко­но­миканың басқа да аралас салаларын дамытуға сер­пін береді. Сайып келгенде, Маң­ғыстау об­лысының әлеуметтік-эконо­микалық дамуына оң серпін бере­ді, – деді Данияр Утешов.

Маңғыстауда туризмді дамыту күн тәртібіндегі мәселе, сон­дық­тан бұл ба­ғыттағы жұмыс­тар­ды жандандыра жүр­гізу ма­ңызды.

а

 

Маңғыстау облысы