Қоғам • 01 Шілде, 2022

500 мың теңгеге дейінгі қаражатты аудара алады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ жеке тұлғаларды артық шығыннан арылтып, қаражатты бір-біріне аударуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары қаржы институттарының, жедел төлем жүйесіне (бұдан әрі – ЖМЖ) қатысушылардың пайдасына тек 1 теңгелік комиссия арқылы жарты миллион теңгеге дейінгі ақша ауда­ра алады.

500 мың теңгеге дейінгі қаражатты аудара алады

Мұндай аударым Қазпош­таның Рost.kz мобильді қо­сым­шасы арқылы телефон нө­мірімен жүзеге асырылады. Аударым клиент­тердің банк шотына бірден түседі.

Тиімді қызметке қол жеткізу оңай. Жеке тұлға Қазпоштадағы жарамды банк шотын таңдап, оған ЖМЖ белгісін қоюы керек. Мұны Post.kz мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте онлайн-режімде жасауға болады.

Ақша аударымын 4 қадам­мен жүзеге асыруға болады:

  1. «ЖМЖ арқылы телефон нөмірі бойынша аударымдар» бөліміне өту.
  2. Ақша аудару жоспар­ланған банктік шотты таңдау.
  3. Алушының телефон нө­мірін енгізу немесе телефон кітап­шасынан таңдау.
  4. Алушы банкті таңдап, аудары­м сомасын көрсету.

Аударма жүзеге асырылды!

Аударым Ұлттық банк іске қосқан лездік төлем жүйесімен қолжетімді. Мұндай жаңартуды Post.kz телефон нөмірімен Android және iOS негізіндегі смарт­фон иелері қолдана алады.