![Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды](/media/2022/07/02/14837783-957d-4086-b177-0588b839711d.jpeg)
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, сенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Алматы мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.