Ауа райы • 03 Шілде, 2022

Алматыда 36 градус ыстық болады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 шілдеде мегаполисте 36 градус ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 36 градус ыстық болады

Қалалық ТЖД өкілдері тиісті ескерту жасады.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан серуендеуден бас тартуды, күн сәулесінен аулақ болу үшін физикалық белсенділікке араласпауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары ауруларынан, артериялық гипертониядан зардап шегетіндер үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін өте қауіпті.