Қазақстан • 03 Шілде, 2022

ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР СІМ Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ведосмствоға сілтеме жасап.

ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

«Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз. Қазақстан Өзбекстамен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы Шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы Шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем», делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетсек, Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды.