28 Сәуір, 2014

Солтүстік Қазақстанда аудан әкімінің орынбасары орнынан алынатын болды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-goszakupka-1

ПЕТРОПАВЛ. 28 сәуір.  Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңес мүшелері Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары  Ермек Махатовты  қызметіне лайықсыз деп тапты. Бұл жөнінде облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы қызметін қоса атқарған  шенеунік «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды өрескел бұзған. Атап айтқанда, тендердің қорытындысы бойынша «Дулат» жеке  кәсіпкерлікпен шарт жасасып, тиісті қаражатты оның есепшотына күні бұрын аударып жіберген. Ал әкелінуі тиіс көліктер үшті-күйлі жоқ. Әкімнің орынбасары бюджеттің қаржысын уақытылы игеру қажет болды деген уәжді көлденең тартқанымен, оның бұл әрекеті заң талаптарын өрескел бұзу деп танылды. Сөйтіп, орынтағынан шеттету жөнінде тиісті орындарға ұсыныс берілді. Өмір Есқали. Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облыстық мемелкеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі. Фото: yvision.kz.