Әлемде COVID-19 инфекциясы қайта өршіді. Ұлттық статистика басқармасының (ONS) соңғы мәліметтеріне сүйенсек, әсіресе Ұлыбританияда індет жұқтырғандар саны айтарлықтай артқан.

Соңғы мәліметтер бойынша Ұлыбританияда шамамен 2,3 миллион адам немесе әрбір 30-шы адам вирус жұқтырған. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 32 пайызға көп. Дертке шалдыққандардан Omicron штамының қосалқы BA.4 және BA.5 нұсқалары анықталған. «Бұл жаңа екі нұсқаның таралуы өте жылдам», дейді инфекционист мамандар.
Маусымның соңғы аптасында ONS Англия мен Уэльсте әрбір 30-шы, Солтүстік Ирландияда әрбір 25-ші, Шотландияда әрбір 18-ші адам індет жұқтырғанын хабарлады. Ұлттық статистика басқармасының қызметкері Сара Крофтс: «Бүкіл Ұлыбританияда біз BA.4 және BA.5 нұсқаларының өсуіне ықпал еткен жарты миллионнан астам инфекцияның тұрақты өсуін көріп отырмыз», деп мәлімдеді елдің БАҚ өкілдеріне. Сонымен қатар ол аталған жаңа инфекциялар елдің барлық аймақтарында және барлық жас топтарында өсіп жатқанын айтты.
Дәрігерлер болса әлі де вакцина алмағандарды, әсіресе 75 жастан асқан тұрғындарды Ковид-19-ға қарсы екпе алуға шақырып отыр. Дәрігерлер індетті еңсерудің бірден-бір жолы вакцина екенін айтады. «Алайда індет түбегейлі жойылып кетпегенін біліп отырса да адамдардың біразы әлі де екпе алуға қарсы» деп мәлімдеді олар.
BBC мәліметі бойынша Англияда 30 маусымда ауруханаға 9 мыңға жуық ковид пациенті орналастырылған, ал шілденің үш күнінде олардың саны екі есеге өскен. Сарапшылар Ұлыбританияның қалған бөлігінен алынған деректер аз болғанымен, осы айда індетті жұқтыру күрт өсуі мүмкін деп болжап отыр. Алайда медицина сарапшылары қазіргі уақытта ауруханалардағы ковидпен ауыратындардың саны 2021 жылдың қаңтарында коронавирустың Альфа толқыны кезіндегі 34 мыңнан астам рекордтық көрсеткішінен әлдеқайда төмен екенін айтады. «Ковидке оң нәтиже көрсеткен ауруханадағы науқастардың барлығы емделмейді, кейбіреулері басқа себептермен жатыр, бұл оларға күтім жасауды қиындатып отыр», дейді Лондон орталық ауруханасының бас дәрігері. Бұл қазір ауруханада жатқан науқастардың шамамен үштен екісіне қатысты. Англияда жансақтау бөлімінде жатқан ковид пациенттерінің саны маусым айының басында 111-ден 211-ге жеткен. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 2021 жылдың қаңтарында жансақтау бөлімшелері толған кезде 3 700-ден астам адам осындай көмекке мұқтаж болған.
Денсаулық сақтау қызметкерлері соңғы алты ай ішінде екпе алмаған 75 жастан асқан кез келген адамға ковид дертінен және госпитализациядан қорғану үшін вакцина алу қажеттігін ескертіп отыр. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің (UKHSA) клиникалық бағдарламалар директоры Мэри Рэмси осы жастағы тұрғындардың шамамен 16 пайызы әлі вакцина алмағанын айтады. Ол сондай-ақ адамдардың басқалармен араласқан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өйткені, «қазір адамдар босаңсып, ауруды мүлдем есінен шығарған, сондықтан олар қоғамдық жерлерде, жабық ғимаратта бетперде кигендері дұрыс. Егер сізде респираторлық инфекцияның белгілері болса, сондай-ақ жоғары температура немесе өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде немесе басқа адамдардан, әсіресе егде немесе осал топтағы адамдардан алыс болуға тырысыңыз», деді доктор Рэмси. Сонымен қатар UKHSA-ның Ковид бойынша бас медициналық кеңесшісі, доктор Сюзан Хопкинс, BBC-ге: «Менің ойымша, бұл суық тиюден өзге нәрсе, өйткені адамдар 10 күнге дейін ауырады, дерттің белгілері болған кезде науқас басқа адамдардан аулақ болуы керек. Түрлі фестиваль, іс-шараларға барудан бас татқан жөн, өйткені бұл барлық жерлерде инфекция қаупін арттырады», деді. Ал Лестер университетінің вирусолог дәрігері Джулиан Тангтың айтуынша, дерттің қазіргі екі жаңа қосалқы нұсқасы өзгелерге қарағанда көбірек проблема тудыруы мүмкін. «Жаз айларында ауруханаға жатып емделетін науқастардың саны артуы мүмкін, әсіресе вакцина алмағандар, сонымен қатар вакцинасы мен табиғи иммунитеті әлсіреген адамдар көп зардап шегуі мүмкін», деді дәрігер.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар