Бокс • 04 Шілде, 2022

Елорда кубогының финалистері анықталды

1015 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Елорда кубогы» халықаралық турнирі мәресіне жетеді. 4 шілдеде финалдық жекпе-жек өтіп, ерлер арасында 13 чемпион, қыздар арасында 12 чемпион анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда кубогының финалистері анықталды

Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ерлер арасында Қазақстанның 54 боксшысы сынға түскен. Соның 16-сы финалға жолдама алды. Бұл жерлерде соңғы әлем чемпионатының финалистері - Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан. Енді олар «Елорда кубогының» чемпиондық атағын Қытай, Куба, Өзбекстан боксшыларына қарсы айқаста сарапқа салады.

Бас бапкер Шәміл Сафиуллин жаттықтырған 45 арудың 7-уі бас жүлдеге таласпақ. Бұл ретте Қазақстан әйелдер боксынан тұңғыш болып Олимпиада жүлдесін жеңіп алған Марина 75 келіде финалға шықты. Енді ол ақтық айқаста Қытай боксшысына қарсы шығады.

Одан бөлек, Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова да үстемдігін байқатып, финалға шықты. 

Айта кетсек, финалдық жекпе-жектер бүгін, 4 шілдеде елорда уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20