28 Сәуір, 2014

Еуразиялық интеграция түсінігі бүгінде брендке айналды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-MGU-3

АСТАНА. 28 сәуір. Еуразиялық интеграция түсінігібүгінде нағыз брендке айналды. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған лекциясы барысында Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев осыны айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Бүгінде еуразиялық интеграция түсінігі саясаткерлер, экономистер, журналистер, қоғамдық орта белсенді қолданатын брендке айналды», - деді Н.Назарбаев дәрісі кезінде. Қазақстан лидері қазіргі заманғы еуразиялық идеясының өмір шындығынан алшақ жатпағанына назар аударды. Ол өмірдің өз қажеттілігінен туындап отыр. Ең алдымен интеграциялық үдеріске қатысуда барлық елдер үшін тәуелсіздік пен саяси егемендік, әрине, басым мәселе болып қала бермек. Ал интеграция елдердің өзара жақындасуларын талап етеді. «Бұған қоса, әуел бастан-ақ оның мәні Қазақстан, Ресей, Беларусь, сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің басқа да елдерінің  қарапайым адамдарының мүддесіне шынайы қамқорлық көрсетуге негізделген», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы өз сөзінде осы жылдар ішінде Кеден одағы елдерінің шекарасы ашық бола түскендігін, үш елдің азаматтары шекарадан еркін өтіп, жүктерін кедергісіз тасымалдай алатын болғанын да атап өтті. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: egemen.kz Фото: wikimapia.org.