Әлем • 04 Шілде, 2022

Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 шілдеден бастап Ресей құрлықтағы шекарада 2020 жылы коронавирус инфекциясына байланысты енгізген шектеулерін алып тастайды. Бұл туралы дүйсенбі күні ковидке қарсы күрес жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды

Жедел штабтың талқылау қорытындысы бойынша 15 шілдеден бастап Ресейдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге салынған уақытша тыйымды алып тастау жөнінде шешім қабылданды.

Бұған дейін 14 маусымнан бастап эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты шетел азаматтарының Ресейге теңіз және әуе бекеттері арқылы кіруіне рұқсат берілген еді. Бірақ көліктердің кіруіне шектеу алынбаған болатын.

Еске салайық, Ресей коронавирустың таралу қаупіне байланысты 2020 жылдың наурыз айында шекарадан өтуге шектеу қойған еді.