Коронавирус • 04 Шілде, 2022

Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулы бойынша қаланың аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, қалалық кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар:

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №16 қаулысын іске асыруды жалғастыру, әрбір 6 ай сайын КВИ-ға қарсы вакцинация, ревакцинация қажеттілігі туралы халыққа белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, вакцинаға абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру, КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру;

Үй-жайларды желдете отырып, вентиляция мен ауаны баптау жүйелерін тексеруді қамтамасыз етулері тиіс.

Сондай-ақ халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендері бар спорттық шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезінде, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді ұсынулары тиіс.

Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-мен ауырған адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеуге және амбулаториялық бақылауға ауыстыруды, 7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулы 7 шілде, сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.