Атырауда Домбыра күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы жыраудың асыл мұрасы» атты көшпелі көрме өтті. Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейі ұйымдастырған көрмеге ақынның тұтынған бұйымдары, оның ішінде екі домбырасы қойылды.

– Жамбыл ақынның шығармашылығының 75 жылдығына орай 92 жасында 12 бөлмелі үй берілген еді. Атамыз өмірден өткенге дейін сол үйде тұрды. Өмірден өткеніне екі жылдан соң сол үй Жамбыл музейіне айналды. Атырау жұртшылығының назарына ұсынылған көрмеге ақын атамыздың пайдаланған жеке бұйымдарын, домбырасы мен киген шапанын, отбасылық суреттерді, өзге де құнды жәдігерлерді әкелдік. Үш күн бойы атыраулық ағайынға Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат ұсындық, – дейді ақынның немересі Салтанат Жамбылова.
Оның айтуынша, ақынның әдеби мемориалдық музейі Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылында орналасқан. Ал Атыраудағы көрмеге қойылған көне жәдігердің бірі – Жамбыл ақынның жас кезінде ұстаған домбырасы. Ұлттық аспаптың шегі ешкінің ішегінен жасалған.
– Қазір ақынның ұрпақтары Алматы облысында тұрады. Немерелерінің бірі – мен Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейінің директоры болсам, шөбересінің бірі осы музейде қор сақтаушысы болып жұмыс істейді. Біз үшін атамыздың ең құнды жәдігері – домбырасы мен шығармашылығы. Атамыз домбырасын қолынан тастамай, қазақтың ұлттық аспабы ретінде қадір тұтты, – дейді Салтанат Жамбылова.
Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиевтің пікірінше, Жамбыл ақын қазақтың ұлттық өнері – айтысты кейінгі ұрпаққа жеткізіп, кеңінен насихаттауға мол үлес қосты. Сол себептен ақынның шығармашылығы әлі де сан қырынан зерттелуі керек.
Атырау облысы
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Елордалықтарды жылы әсерге бөледі
Театр • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:47
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Спорт • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:37
Музейге тарту еткен жәдігерлер
Таным • Бүгін, 08:35
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Алла үйіне «алуға» баратындар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қолдау деп осыны айт: Жас кәсіпкерлер 1,5 млн теңгенің грантына ие болды
Бизнес • Бүгін, 08:25
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:15
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Ұқсас жаңалықтар