Оқиға • 05 Шілде, 2022

Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарында Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін

«Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен айналысса, әрине, ондай шарт бұзылып, кеме кері қайтарып алынады», деді Өскенбаев.

Еске сала кетейік, Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен тасымалданған астық жөнінде жергілікті билікке жүгінгені хабарланған болатын.