Әлем • 05 Шілде, 2022

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы хаттамаларға қол қойды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді НАТО-ға мүше барлық мемлекеттер құжаттарды ратификациялауға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы хаттамаларға қол қойды

РБК ақпараты бойынша, екі ел де осы құжаттарды НАТО-ның барлық 30 мүшесі ратификациялағаннан кейін НАТО-ға кіреді.

«Бүгін біз НАТО-ға кіру туралы хаттамаға ресми түрде қол қойып, ратификациялау рәсімін бастаймыз. НАТО есігі барлық еуропалық демократияларға ашық. Біз 32 қатысушы елмен мықтырақ боламыз», деді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО-ға Албания, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Солтүстік Македония, Словакия, Словения, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі, АҚШ, Түркия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Эстония кіреді.