Коронавирус • 06 Шілде, 2022

Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирус жұқтырған 69 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған

Өткен тәулікте 199 алматылық коронавирус жұқтырған.

Оның ішінде 182 науқаста індет белгілері бар, 17 науқастың ауруы симптомсыз өтіп жатыр.

«Инфекциялық стационарларда 69 адам жатыр. Барлық емделіп шыққандар – 48, келіп түскені – 10. Жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) – 1 пациент», деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.