Қоғам • 07 Шілде, 2022

Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алуға қатысқан күдіктілер анықталды. Сот үш адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты

№2 сот қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Ақтөбе әуежайына шабуыл жасады деп айыпталған Ж., Ш. және К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

«Тергеу нәтижесінде Ж., Ш. және К. қаңтарда сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық акциясына қатысушыларды қолдау үшін әуежайға келіп, келушілердің кіруіне және шығуына кедергі келтірген. Сондай-ақ әуежай ғимараты мен үй-жайларының зақымдалуына қауіп төндірді деп айыпталды. Заңға қайшы әрекеттердің нәтижесінде барлық бағыттар бойынша ұшулар толық тоқтады», делінген хабарламада.

«Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежайға» жалпы сомасы 1 672 250 теңгеге материалдық залал келтіріліп, бүгінгі күні толық көлемде өтелді.

Сот айыпталушыларды ҚР ҚК 269-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20