Аймақтар • 07 Шілде, 2022

Өскеменде есірткі тасымалымен айналысқан күдіктілер ұсталды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында синтетикалық есірткі тасымалымен айналысқан 11 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде есірткі тасымалымен айналысқан күдіктілер ұсталды

ШҚО полицейлері облыс прокуратурасымен өзара іс-қимыл жүргізіп, ҚР ІІМ арнайы бөлімшелерінің қатысуымен есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы іс-шаралар кешенін өткізді. Нәтижесінде, әлеуметтік желілер мен интернетке жүргізілген мониторинг нәтижесінде синтетикалық заттардың таралуына қатысы бар сайттар анықталды.

Мәселен, Өскемен қаласында синтетикалық есірткінің тасымалымен айналысқан 10-нан астам адамнан тұратын топ анықталды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов атап өткендей, қажетті дәлелдер базасын жинауға және күдіктілерді ұстауға бірнеше апта қажет болды. Ұсталғандар туралы ақпарат қылмыстық тізбектің басқа қатысушыларына жетпеуі үшін күдіктілердің әрқайсысы бөлек ұсталды. Олардан синтетикалық есірткінің 220-дан астам бір реттік дозасы және «экстази» деп аталатын 80 таблетка тәркіленді.

Олардың әрекеті ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сараланады. Аталған баптың санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.