Қоғам • 07 Шілде, 2022

Шымкентте 40 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 40 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ келіншек ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 40 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын айтқан. Егде жастағы әйелдің айтуынша, 3 наурызда бейтаныс келіншек мемлекет тарапынан пәтер алып беремін деп сендірген. Ол 9 000 000 теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келген.

«Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеуге алынды. Дәл осындай жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданып, жоғарыдағыдай алаяқтық арбауына түскенін жеткізген. Келіп түскен ақпараттар аясында жедел іздестіру шарасын жүргізген Шымкент полицейлері күдікті ретінде жас келіншекті ұстады. Бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны осы әйелге алданған. Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген. Келген шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеге жуық», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Өз кезегінде Шымкент полицейлері алаяқтық немесе басқа да қылмыстардың алдын алу үшін тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Аяна Тоғанбек