Қоғам • 07 Шілде, 2022

Шымкентте тағы бір аудан құрылады

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте тағы бір аудан құрылады

Халқының саны миллионнан асқан мегаполис осылайша 5 аймаққа бөлініп отыр. Жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, ондағы тұрғындар саны шамамен 200 мыңнан асады. Ал, әзірге жаңа ауданға қандай атау берілетіні белгісіз. Бұл мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының аумағында Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай аудандары әкімдіктері болған.

«Бесінші ауданды құру қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді», деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Шымкент қаласының бас жоспарына ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43