Әлем • 07 Шілде, 2022

Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетеді

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Борис Джонсон Консервативті партияның жетекшісі қызметінен кетеді. Бірақ ол премьер-министр қызметін күзге дейін жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетеді

Премьер-министр Кеңсесінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, бүгін Борис Джонсон елге үндеу жасайды.

Соңғы күндері 50-ден астам министр, оның ішінде Джонсонның жақын жақтастары - канцлер Риши Сунак және денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид қызметінен кетті. Көлік министрі Грант Шеппс Джонсонды отставкаға кетуге шақырды.

Бейсенбі күні таңертең Сунак кеткеннен кейін 48 сағат бұрын бұл лауазымға ие болған жаңа канцлер Надим Захави де Джонсонды отставкаға кетуін сұрады.