Елорда • 07 Шілде, 2022

Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген дерек бойынша, 6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала. Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.

Еске салсақ, биыл жаңа жылда Нұр-Сұлтан қаласында 16 бала дүниеге келген еді. Ал маусымда өткен референдум күні елордада 65 сәби туды. Оның 36-сы - ер бала, 29-ы - қыз бала. Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының биыл қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуал туралы мәліметіне сәйкес, дүниеге келген сәбилер саны былтырғыдан 7,6 пайызға аз.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Ақылды чип

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:55

Сары самаурын

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Тағы да астан улану ма?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Бибісара бесінші орында

Шахмат • Бүгін, 08:15

30 емдеу мекемесі іске қосылды

Медицина • Бүгін, 08:13

Темірқазық жанында қос жұлдыз

Руханият • Бүгін, 08:00