Коронавирус • 07 Шілде, 2022

Әлемде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 6,5 миллионға жуықтады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 шілдеде әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 557 751 754 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 6,5 миллионға жуықтады

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 791 500 адамға өсті.

«Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 367 224 адамды құрайды, сонымен қатар бүгінде 2 009 өлім тіркелді. Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 7 шілде - 531 623 166 адам», деп жазды комиссия.