29 Сәуір, 2014

Елдер бірлігі – халықтар ырысы

404 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

28-04-05

Президент­тің Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзін телеарналардан көріп,

тыңдаған қазақстандық-тардың ортақ ойы осындай

Бірлескен ұмтылыс

Арыстан ГазалиевҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеу мемлекеттік уни­вер­­ситетінде сөйлеген терең ма­ғыналы сөзін универ­си­те­тіміздің оқы­тушылары мен сту­денттері арнаулы аудитория­да зор ықы­ласпен тыңдады. Атақты бі­лім ордасы ұжымы алдында Ел­басының сөз арқауын Еуразиялық эко­номикалық одақ құрылуына арнап, бұл күндегі осынау өзекті мәселеге байланысты болуы ерекше ынта туғызды.Шындығын айтқанда, барша қазақстандықтарды тол­ғантқан ойлар бүкпесіздігімен де, салиқалы салмақтығымен де көңілден шықты. Сөзде назар аудартылғандай, Еуразиялық экономикалық одақ еркіндік пен теңдік ұстанымдары негізінде құралуы тиістігі өте орынды ұсыныс деп есептейміз. Одақ­қа мүше үш елдің өзіндік экономикалық ерекшеліктері ескеріліп, шаруашылық байла­ныстарға бірдей жағдай жасалу қажеттігі дұрыс талап. Бүгінгі дамуға, интер­грациялық қарым-қатынасты тереңдетуге еуразиялық кеңіс­тіктегі жаңа бағыттың келешегі кең болмақ­тығы анық. Ол еліміздің экономикасын одан сайын алға бастыратын жол. Осы орайда бірлескен ұмтылыс тағы бір екшеліп, сарапқа салынуы өз ұстанымымыздың берік­тігін көрсетті. Арыстан ҒАЗАЛИЕВ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, ҰҒА академигі.

Адамгершіл сипатта атап көрсетілді

АйтимовПрезидент Нұрсұлтан Назар­баевтың М.В.Ло­моносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік уни­вер­ситетінде сөйлеген тамаша да тартымды сөзі Еуразиялық эко­номикалық одақтың бұған дейін көп­шілік үшін бей­мәлімдеу болып келген гуманистік қырларын ашып беруімен ерекшеленді. Ай­талық, Мәскеу мем­ле­кеттік уни­­вер­­­ситетінің Ас­та­­­­­на­да ашылған филиа­лы Қазақстан мен Ре­сей­дің ғылым мен білім са­ласындағы өзара бай­ла­ныстарға септігін тигіз­ге­ні, осы арқылы фи­лиал­дың қызметі жаңа маз­мұнға ие болғаны атап ай­туға тұ­рарлық жайт. Ал алдағы айларда қол қойылады деп күтілген Еура­зиялық экономикалық одақтың өзге елдерге үл­гі бола білуі керектігі жө­ніндегі Елбасы талабы да өте асқақ. Бұл, сөз жоқ, үлкен жауапкершілік. Мұндай істе ұсақ-түйек атымен бол­­мауға тиіс. Өйткені, кез келген болмашы қа­те­лік немесе түймедей кемшілік ортақ іске орасан зор нұқсанын келтіруі мүмкін. Еуразиялық эко­номикалық одақтың қа­тарына кіру сол мемлекет үшін тиімді болатынын дәлелдеу де оңай іс емес.Алайда, соған қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ қағидалары өзінің толыққанды бітім-бол­мысын танытуы үшін біз осылай істеуіміз керек, деді Елбасы. Еуразиялық эконо­ми­калық одақтың ар­ғы астарында таза эконо­микалық интеграция заңдылықтары тұрғанымен бұған қа­ты­сушы мемлекеттер бір-бірінің тарихынан, әде­биеті және мәдениетінен түсінік-хабары аз болса Еуразиялық экономикалық одақ талаптары толыққанды күйінде бола алмас еді. Яғни, интеграция үрдісіне қатысушылар өзара бір-бірінің мемлекеттік тіл­дерін қолдануы керектігін де еске салды Елбасы. Сон­дай-ақ, Нұрсұлтан Әбіш­­ұлының сөзінде айтылған бұл қағи­далар да мәскеуліктер тара­пы­нан түсіністікпен қабыл­данғаны қандай ғанибет. Мемлекет басшысының қазақ және орыс, ағылшын тілдерін бірінші сынып­тан бастап оқыту, еура­зия­лық хабар тарату құ­рылымдарында мем­ле­кеттік тілді қолдану қа­­жет­тігі жөнінде айт­қан­дары да жаңа экономи­ка­лық одақтың адамгершіл си­патын одан әрі айғақтай түседі. Ақсерік ӘЙТІМОВ, Қазақстан  Республикасының құрметті инженері.  ОРАЛ.

Университеттер байланысы нығаяды

Мамраев Б.-1Қазақстан мен Ресей ежелден көршілік хақымен алыс-беріс, барыс-келісті тереңдеткен елдер. Екі елдің арасында әуелден әріптестік, іскерлік байланыс орныққан болса, енді міне, сол арақатынасымыз еуразиялық ықпалдастық түрінде бұрынғыдан да тереңдей түскелі отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяны бұдан 20 жыл бұрын көтеріп еді. Көптеген сарапшылар мен саясаткерлер сол кездің өзінде еуразиялық ықпалдастықтың өміршеңдігін әр қырынан саралады. Еуразиялық ықпал­дастықтың жемісі эко­но­миканың әр саласында ғана емес, сонымен бір­­ге, ғылым мен білімді бір­лесе дамытуда да көріне бас­тауы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеге М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінде сөйлеген сөзінде және бір рет назар аударды. Еліміздің жаңа елордасында 2001 жылдан бері ММУ-дың қазақстандық филиалы жұмыс жасайтынына тоқталған Президент: «Соның арқасында бұрыннан тарихи байланысы бар Қазақстан мен Ресейдің ғылыми білім байланыстары бүгінде жаңа мазмұнға ие болды», деп атап өтті. Екі елдің жоғары білім беру жүйесіндегі байланыс­тар шекаралас өңірлерде де қарқын алып келеді. Соның бір дәлелі ретінде Ресей Федерациясындағы Астрахань мемлекеттік тех­никалық университетімен су ресурстарын және эко­логиялық мәселелерді те­реңдете зерттеу жүр­гі­­зу жөнінде келісім­шарт жасадық. Астра­хань мемлекеттік уни­вер­си­­тетімен де ты­ғыз бай­ла­­ныс орнатқа­нымызды айта аламыз. Кейбір ма­ман­дықтар бойынша ма­гистрлерді екі жоғары оқу орнында да оқыту жөнінде ортақ мәмілеге тоқтадық. Сонан соң магистранттарға қос диплом беріледі. Және былтырдан бері біздің университетімізде Ресейдің ғылымы мен мәдениеті орталығы жұмыс жасай­ды. Ал алдыңғы жы­лы Қазақстанның мә­де­ние­­ті мен ғылымын ре­сейліктерге кеңінен танытатын орталық Ресейдің Қалмақ мемлекеттік уни­верситетінде ашылған болатын. Екі елдің оқу орын­дарындағы орталықтар өзара ғылыми, мәдени байланыстарды нығайтуға басымдық берумен бірге, университеттер арасындағы оқу үдерісінің ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобалар жасау бағытындағы заман талаптарына сай жұ­мыстарды жандандыруға ықпал етеді. Шекаралас облыстардағы жоғары оқу орындарының әріптестік байланысы аясында студенттер алмасу жолға қойылды. Ғылыми жобаларды іске асырудағы тәжірибелерімізбен де бөлі­сіп тұрамыз. Бұл бәсекеге қабі­летті мамандар дайындау­да өз жемісін беретіндігі даусыз. Бейбіт МАМЫРАЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, профессор. АТЫРАУ.

Байыпты бағдар

ФарзанаБүгінде еліміз үшін халық­аралық қарым-қатынастарды дамыту өте өзекті болып отыр. Оның ішінде кешегі тарихи кезеңдер қалыптастырған, бұ­рыннан бір-бірімізді білетін мемлекеттер арасындағы әлеу­меттік-экономикалық әріп­тес­тіктің орны ерекше. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Мәскеу мемлекеттік университетіндегі студент-жас­тар алдында сөйлеген сөзінде қоғамда көптен бері түрлі пі­кір туғызған Еуразиялық эко­но­микалық одақ аясындағы интеграция жан-жақты айтылды. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасында аталған одақтың нарықтық-экономикалық тұрғыдан тиім­ділігін жан-жақты талдап берді. Сондай-ақ, бұрынғы Кеңес Ода­ғының «жаңғыруы» туралы алыпқашпа сөздердің негізсіз екенін жеткізді. Мұның бәрі біздің екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге септігін тигізеді. Өйт­кені, Ресей мен Қазақстан жоғары оқу орындарының арасында тығыз байланыс бар. Шығыс өңіріндегі оқу орындары да Ресейдің об­лы­сымызбен шектесетін субъек­тілерінде орналасқан оқу орындарымен өзара тәжірибе алмасып, екі ел жастары таң­даған мамандықтарында білім алып жатыр. Яғни, шығыс­қазақстандық жастар Алтай аймағында, ресейлік жастар Шығыс өңірінде білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасымен құрылып жатқан еуразиялық интеграцияның іс жүзіндегі тиімділігін көрсетеді. Сондай-ақ, Президент сө­зінде ғылыми-техникалық әріп­тестікті жетілдіру, нанотех­но­логия, гендік инженерия сияқ­ты маңызы зор жетекші ғы­лымдардың еліміздің ин­дус­трияландыруының жаңа кезеңін жүзеге асыруға мол пайдасы бар екенін ерекше атап өтті. 2007 және 2009 жылдары университетімізде бір топ ғалымдардың қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентінің келбеті» атты қос тілде жарық көрген жинақ авторларының бірі ретінде Елбасымыздың елімізді байыпты бағдармен болашаққа бастап келе жатқанын байқауға болады. Фарзана АХМЕТЖАНОВА, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.

Жаңа кезеңдер бастауы

Фото К.МусырманаМемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назар­баев­тың ресейлік ғы­лыми қоғамдастықтың биік мінберінен «Мем­лекеттердің Еура­зиялық одағын құру туралы» жо­баны ұсынғанын қа­зақ­стандықтар ұмыта қойған жоқ. Сол кездегі тарихи оқиғаларға куә­герлердің бірі ретінде мен Президенттің ММУ-дегі сөзін зор ыж­даһатпен тыңдап, елдер арасындағы тұр­па­ты өзгеше сау­да-эко­но­микалық ынты­мақ­тас­тықтың мүлде жаңа стра­тегиясының өзге­лерге үлгі ретінде ұсы­ныл­ға­нын ерекше шабытпен естіп-білдім. Соңғы 20 жыл Елба­сымыз белгілеп бергендей, еуразиялық ин­теграциялық дамудың жаңа көкжиек­терін ай­қындап берген белесті кезеңдерге толы болды. Осы уақыт ішінде Пре­зидентіміздің алысты болжай білетін көрегендік, сұңғылалық саясаткерлігі тағы бір қырынан таныл­ғанын қалың жұртшылық қапысыз ұқты. Біз бүгінгі күні Нұрсұлтан Әбішұлын еуразиялық жобаның бас архитекторы ретінде зор мақтаныш тұтамыз. Өйткені, бір кездері мәңгі айырылмастай, ыдырамастай көрінген Кеңес Одағының одан әрі пост­кеңестік кеңістіктің сая­си және экономикалық орнықтырудың инте­гра­циялық идеяларын ай­қын батылдықпен ұсынған ЕЭО жобасы бөлінудің емес, кері­сін­ше, бірігудің басым қағидаттарын белгілеп бер­генін қазір әлемдік қауымдастық мойындап отыр. Елбасымыздың сол кездегі батыл бастамасы бүгінде өмір шындығына айналып, инте­грациялық модельдің жаңа үлгісін түзіп берді. Оның ай­қын мысалын Кеден одағы және Бірыңғай эко­номикалық кеңістік жү­йесінде бір-бірімен тығыз әріптестік қарым-қатынаста, біртұтас на­рық кеңістігінде сауда-өндірістік үдерістер бағы­тында өзара түсі­ністік, жауапкершіліктің қолже­тімді үлгісін танытып келе жатқан үш мемлекеттің жетекші рөлінен айқын аңғаруға болады. Меніңше, бүгінгі күні жоғары деңгейге кө­терілген еуразиялық интеграция моделінен саяси астар іздеудің еш қажеті жоқ. Еліміз өз ырғағымен дамып ке­леді. Оның жарқын үл­гілерін барлық саладан кезіктіруге болады. Ел­басымыз Мәс­кеудің тө­рінде сөйлеген сөзінде атап өткен­дей, Еуразиялық эко­но­­­микалық одақ құру­дың бас­ты мақ­са­ты еге­мен­дікке қол сұғыл­май­тын, ер­кін­­ділік қағи­даттарына негіз­делген ой-пі­кір­лер­дің үндесуімен ерек­ше­ленеді. Кәрібай МҰСЫРМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. ПЕТРОПАВЛ.

Түйткіл тұстардың түйінін шешіп айтты

DSCN0053Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік универ­сите­тін­де сөйлеген сөзінде жұрт­шылық көңі­лінде жүр­ген күрделі мәселелердің түйінін шешкендей болды. Онда Кеңес Одағына қайта оралудың болмайтыны қадап айтылды. Өйткені, Кеден одағы құ­рылған кезде бұл Кеңес Одағын қайта құруға апа­ратын жол дегенді айт­қандар аз болмаған. Елбасы мәскеуліктердің алдында бұрынғы қамытты қайта киюдің болмайтынын ашып айтты. Тәуелсіздік бар­лы­ғымызға да қымбат. Екіншіден, Нұрсұлтан Әбішұлының Еуразиялық одақтың басқарушы органдарын Астанаға орналастыру туралы айтқан ойы да бұрын құрамында болған елдердің ешқайсысы да Кеңес Одағына қайта оралмайтынын дәлелдейді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы бастама кө­терген кезде-ақ мұны сая­си одақ деп түсінгендер болды. Бұл саяси емес, таза экономикалық одақ, тең, тәуелсіз елдердің интеграциясы. Көршілермен, жалпы алыс-жақын шет елдің қайсысымен болса да алыс-беріс жасау керек. Халқымыз «адамның күні адаммен» деген емес пе? Мемлекеттер де бі­рінің керегін бірінен алып, қарым-қатынас жасаса, екі жақтың да жоғы тү­генделеді. Бұл олардың эко­номикалық-әлеуметтік дамуына жол ашады. Елбасы әрдайым айтып жүрген «алдымен – эконо­мика» ұғымы бұл жолы та­ғы да дәлелдеді. Мемлекет басшысының Украинадағы жағдайға байланысты ойлары оны тыңдаған кімнің де болса көкейіндегіні дөп басты деп ойлаймын. Ол украин халқының тағдырын тек украиндар ғана шеше алатынын, оған сырттан ешкімнің араласпауы керектігін айтты. Бұл нағыз әділетті тұжырым емес пе? Дәстүрі, тілі, ді­лі, жері, суы бөлек елге сырт­тан қалай өз дегенін таңуға болады? Елбасының сөзінен біреудің ісіне араласпа, тек үлгіңді көрсет деген халықтың даналық емеурінін түсінгендей болдым. Президенттің бұл ойы Қазақстан ұстанған саясат деп түсінгеніміз абзал. Еркін ӘБІЛ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының  проректоры,  тарих ғылымдарының  докторы. ҚОСТАНАЙ.