29 Сәуір, 2014

Шабуылдан 22 адам құрбан болды

364 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

шар1Орталық Африка республикасындағы «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымының ауруханасына қарулы шабуыл жасалды. Шабуыл салдарынан 22 адам құрбан болды, олардың арасында үш дәрігер және жергілікті қауымның он бес жетекшісі бар. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аурухана ел астанасынан 450 шақырымдай қашықтықтағы Нанга Богуила елді мекенінде орналасқан. Шабуыл сенбі күні ауруханада жергілікті қауым басшылары жиналған кезде жасалыпты. Оны кімдердің ұйымдастырғаны қазірге белгісіз болып отыр. Бұл елде өткен жылдың желтоқсанында «Селека» аталатын мұсылман ұйымы мен «Анти балака» христиан көтерілісшілері арасында бір мыңнан астам адамның өліміне соқтырған ірі қақтығыс болған еді. Билік партиясы жеңіске жетті Македонияда өткен президент және парламент сайлауының алдын ала нәтижесі бойынша, Македония ұлттық бірлігі демократиялық партиясы мен елдің қазіргі президенті жеңіске жеткен. Бұл ақпаратты «Франс-пресс» агенттігі таратты. Бюллетендерді санағаннан кейінгі мәліметтерге қарағанда, қазіргі билік партиясы 42,27 пайыз дауыс жинаған. Оппозициялық Социал-демократиялық одағы партиясына сайлаушылардың 22,8 пайызы дауыс берген. Ал президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Георгий Иванов 56 пайызбен көш бастап отыр. Оның негізгі бәсекелесі Стево Пендаровски 39,49 пайыз дауыс алыпты. Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Зоран Заев сайлау нәтижесін мойындамайтындарын мәлімдеді. Байқаушылардың айтуынша, дауыс беру барысында бірқатар кемшіліктер орын алған. Бірақ, олар сайлаудың жалпы нәтижесіне әсер етпейді.

Қысқа қайырып айтқанда:

— «Титаник» кемесінің аман қалған жолаушысы Эштер Харттың хаты аукционда 200 мың долларға сатылды. Ол бұл хатты кеме айсбергке соғылуына бірнеше сағат қалғанда жазған екен. — Үндістанның Варанаси елді мекенінде 179 жасқа келген Махача Мураси есімді қарт тұрады. Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, ол 1835 жылы дүниеге келген көрінеді. — Иран президенті Хасан Рухани ел астанасын Теһраннан көшіруге қолдау білдірген. Президент осыған байланысты өзінің әкімшілігі дайындаған жоспармен келіскен және қала басшыларына тапсырмалар берген. — Ауғанстанның солтүстігіндегі су тасқынынан құрбан болған­дардың саны 110 адамнан асып отыр. Табиғат апатынан із-түзсіз кеткендер қатары да өсіп барады. Жергілікті билік апат салдарынан екі мыңнан астам үй қирағанын айтады. Террорлық әрекеттердің алдын алды шар2ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Дағыстанның Дербент елді мекенінде мамыр мерекесі кезінде террорлық әрекеттер жасауға дайындалған содырлардың көзі жойылды. Ұлттық антитеррорлық комитеті ақпарат орталығының мәліметтеріне қарағанда, арнайы операция екі бағытта жүзеге асырылған. Полицейлер Нариманов және генерал Саидов көшелерінің қиылысында жеңіл автомобильді тоқтатпақшы болады. Көлік ішінде отырған қарулы адамдар оларға қарсы оқ атады. Атыс кезінде екі содырдың көзі жойылады, бір полицей жараланады. Сол уақытта осы елді мекендегі үйлердің бірінде жасырынған тағы бір содырлар тобы қоршауға алынады. Шабуыл барысында үйдегі жарылғыш қондырғы іске қосылып кетіп, күшті жарылыс болады. Үш содыр сол жерде қаза табады. Оқиға орнынан автоматтар, гранаталар мен оқтар табылған. Премьер отставкаға кететінін мәлімдеді шар3Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Чон Хон Вон өзінің отставкаға кететі­­­нін мәлімдеді. Бұған көптеген адамның өмірін жалмаған «Севоль» паромының апатына байланысты ел үкіметіне айтылған сындар себеп болған. Өткен жексенбіде жасаған қысқаша мәлімдемесінде ол егер өзі премьерлік қызметін әрі қарай жалғастыра берсе, бұл үкіметке қиындық туғызады, деген пікір білдіріпті. «Үкімет атынан қалыптасқан осындай проблемалар үшін кешірім сұраймын» деді ол. Сонымен қатар, премьер болашақта елде мұндай қателіктерге жол берілмейтіндігіне сенімді екенін де атап өткен. Сөзінің соңында саясаткер өзіне қарсы су құйылған бөтелке лақтырылса да, апат болған күннің ертеңінде қаза тапқандардың туған-туыстарына барып, қайғыларына ортақтасқанын да айтқан. Х.Клинтонды қолдайтындарын білдірді АҚШ-тың қастандықпен өлтірілген бұрынғы президенті Джон Кеннедиді жақтаушылар елде енді бір жарым жылдан кейін өтетін президенттік сайлаудағы кандидаттар праймеризінде демократтар арасынан Хиллари Клинтонды қолдайтындарын білдірді. Экс-мемлекеттік хатшы өзінің тағы бір мәрте президенттік сайлауға түскісі келетіні жөнінде қазірге мәлімдеген жоқ. Дегенмен, саясаткерлер дәл қазіргі кезде партия ішінен оған бәсекелесе алатын қарсыласты көріп тұрмағандықтарын айтады. Хиллари Клинтон бірнеше жылдан бері өзін саясаттан алыстау ұстап келеді. Сондай-ақ, ол америкалықтар алдында сөйлеген сөздерінде 66 жастағы оған әже болу ерекше ұнайтынын білдірген де болатын. «Вашингтон пост» басылымының жазуынша, әже атанып, немере бағу сайлау компаниясы кезінде Клинтонға кедергі жасамайды. Бұған мысал ретінде басылым 70 жасында президент болып сайланған Рональд Рейганды келтіреді. Тұңғыш рет әйел адам тіркелді Сирияда ел тарихында президенттікке тұңғыш рет әйел адам тіркелді. Ол – Латакия провинциясында инженер болып істейтін Сюсан әл-Хаддад есімді әйел. шар4Оны Сирия президенттігіне кандидат етіп тіркеу туралы өтініш елдің жоғары конституциялық сотынан түскен екен. Елдің заң шығарушы органы – халықтық кеңестің мәлімдеуінше, қолданыстағы конституцияға сәйкес, кандидат болып ресми беку және сайлауалды науқанға қатысу үшін ол жоғарғы заң шығарушы органның кемінде 36 депутаттың қолдауына ие болуы керек. Ал президенттікке кандидаттарды тіркеу 22 сәуір мен 1 мамырға дейін жүргізіледі. Сайлау осы жылдың 3 маусымына белгіленген.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.