![Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады](/media/2022/07/07/97d02078-c481-4fc4-8d2a-8e7c72756ba1.jpeg)
«Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын. Ол финалға жетті!» деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.