29 Сәуір, 2014

Мүдделестік ауанындағы әңгіме

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Жандос Асановпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жүздесушілер 11-13 маусымда Бакуде өткізі­леді деп белгіленген ТүркПА-ның бесінші жалпы сессиясына әзірлік мәселелерін, сондай-ақ, Ассамблеяның тұрақты комиссиялары мен басқа да жұмыс органдарының қызмет барысын талқылады. А.Бейсенбаев түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықта Парламенттік Ассамблеяның маңызды өлшем екенін атап өтті. Ол Ұйымға мүше елдер арасындағы екіжақты және көпжақты тұрпатта ынтымақтастықтың құқықтық аясын жетілдіруге ықпал ететін ТүркПА-ның сараптамалық әлеуетін жинақтауға қазақстандық тараптың мүдделі екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар