ANTIKOR • 08 Шілде, 2022

Қазақстанда 800-ден астам тұлғаның жемқорлығы әшкереленді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстанда 1300-ден астам сыбайлас жемқорлық ісі тіркеліп, 430 млрд теңге қазынаға қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында осындай дерек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 800-ден астам тұлғаның жемқорлығы әшкереленді

«Еліміз бойынша 1300-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. 800-ден астам тұлғаның жемқорлығы әшкереленді. Олардың 140-ы түрлі деңгейдегі басшылар. Ауыр қылмыстарды анықтау 33 пайыздан астам өсті. Тергеу қорытындысы бойынша 592 іс сотқа жіберіліп, 357 жемқор сотталды. Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда тұр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 млрд теңге немесе шамамен 1 млрд АҚШ доллары сомасына активтер қайтарылды», деді агенттік басшысы.

Сондай-ақ ол аты шулы «ӨКМ Операторының» ісіне тоқталды.

«Бұл іс бойынша 180 млрд теңгеден астам қаражат жымқыруға жол берілмеді. Олар толықтай мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік мақсаттарға жұмсалып жатыр. Құны 57 млрд теңге болатын 600-ден астам теміржол кіреберістері мемлекет бақылауына өтті. Әңгіме сала өкілдерінің тілімен айтқанда, «соңғы шақырымдар» туралы болып отыр», деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03