Қазақстан • 08 Шілде, 2022

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген қаржы тиімсіз игерілген

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 млрд теңгені тиімсіз игерген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген қаржы тиімсіз игерілген

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл – жер учаскелерін инвестициялық жоба желеуімен сату, аффилирленген тұлғаларға активтерді арзандатып сату үшін конкурстан тыс беру сияқты әрекеттер. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 млрд теңге нақты нәтижесіз игерілген. Корпорациялар тарапынан үлестес компанияларға несие беріліп, міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізілмеген. Аталған фактілер бойынша ӘКК лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді. Шығын 7 млрд теңгеден асты», деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, агенттік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін қайта қарауды көздейтін ұсынымдар енгізген.