Коронавирус • 08 Шілде, 2022

Алматыда вирус ошақтары анықталды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Вице-Премьер Ералы Тоғжанов Алматыға барып, қалада коронавирусқа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шара кешенімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда вирус ошақтары анықталды

Қала басшылығымен бірлесіп бейнеконференцбайланыс режимінде қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерінің қатысуымен кеңес өтті.

Қазіргі уақытта індеттің таралу қарқыны бойынша Алматы сары аймақта орналасқан.

Вирус жұқтыру жағдайы 0,2%-ға дейін өсті, ал оның таралу коэффициенті 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау және Медеу аудандарының аумағында орналасқан.

Инфекцияның өсу себептері мен көздері - қоғамдық орындарға бару, үйдегі, қалалық көліктегі, жұмыс орнындағы байланыстар, сондай-ақ вакцинация мен ревакцинация қарқынының төмендеуі.

Осы орайда қала әкімшілігі вакциналау мен ревакцинацияға, науқастарды оқшаулауға бақылауды күшейту, негізгі алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Алматыда пандемияның жаңа толқынына 7000 төсек-орны бар 23 ковидтік клиника, оның ішінде 250 реанимациялық клиника дайындалды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастырудың, қаланың денсаулық сақтау жүйесінің коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың кезекті өсуіне дайындығының маңыздылығына назар аударды.

«Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірлесіп талдап, коронавирустық инфекцияның алдын алу және таратпау бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», деді Ералы Тоғжанов.