Коронавирус • 08 Шілде, 2022

Коронавирус: Бірқатар елде шектеулер қайта енгізіліп жатыр

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілде айының басында COVID-19 аурушаңдық көрсеткіштерінің өсуіне байланысты бірқатар елдің билігі коронавирустық шектеулерді қайта енгізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус: Бірқатар елде шектеулер қайта енгізіліп жатыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Катарда 7 шілдеден бастап жергілікті тұрғындар мен туристер жабық орындарда, көлікте бетперде киюге міндетті. Ел тұрғындары бір айдай уақытқа ғана шектеусіз өмір сүрді. Үкімет жабық қоғамдық орындарда маскаларды міндетті түрде киюді 21 мамырда ғана тоқтатқан болатын. Осындай талаптар 8 шілдеден бастап Кипрде де қолданыла бастады.

«Маскаларды 12 жастан асқан барлық азаматтар киюі керек», деді елдің Денсаулық сақтау министрі Михалис Хадзипанделас.

Ол жаңа ережелерді енгізу себебін соңғы күндердегі барлық эпидемиологиялық көрсеткіштер мен коронавируспен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу санының артуымен түсіндірді. Түркияда медициналық қауымдастық (TTB) Үкіметке міндетті түрде маска киюді қайта енгізуге шақырды.

«COVID-19 инфекциясына шалдығу деректері өсуде. Вакцинацияны балалардан бастау керек, барлығына жабық орындарда бетперде киюді міндеттеу керек, тесттер санын көбейту қажет, олардың нәтижелері туралы күнделікті мәліметтермен бөлісу керек», деп атап өтті медициналық қоғамдастық өкілдері.