Барқытбел баурайындағы байрақты бәсекеге жиыны 45 балуан қатысты. Армения, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Литва елдерімен қатар өзіміздің жігіттер де Қазақстанның намысын қорғады. Жарысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, FILA халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев, сондай-ақ, спорт жанашырлары мен аудан жұртшылығы тамашалады.
Боз кілемдегі бәсекеге келсек, салмағы 90 килоға дейінгі спортшылар арасында ақтық сында Алматы облысының балуаны Саят Шәмшиев пен Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған Қуаныш Мұратов кездесті. Көптеген әлемдік жарыстардың жеңімпазы болып жүрген қос балуан арасындағы тайталас өте қызу өтті. Тарбағатайлық Қуанышқа жерлестерінің жанкүйерлігі дем беріп, «Өгіз балуан» атағын жеңіп алды. Ал үшінші орын үшін болған белдесуде ресейлік Артем Ковалевскийді өзбекстандық Олим Ровшанов ұтты.
Екі күндік жарыста ерекше күткен сын – 90 кило салмақтан жоғары спортшылар арасындағы «Түйе балуан» атағына талас болды. Үміткерлер сапындағы «Қазақстан барысы – 2012» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев бұл кезеңге жете алмады. Шығысқазақстандық Мереке Тұрашевті ұтқан өзбекстандық Авозхан Таймұратов үшінші орынды еншіледі. Финалдық кездесуге қос шығысқазақстандық шықты. Олар өткен жылы «Қазақстан барысы» турнирінде Шығыстың намысын қорғаған Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов болатын. Айбектің аталған турнирде топ жарғанын барша спорт жанкүйерлері біледі. Қарсыласы Мұхит та осал емес. Былтыр «Шығыс барысы» облыстық іріктеу сынында екеуінің белдесуін тамашалағанбыз. Бір-біріне сыралғы, әдіс-тәсілдеріне жетік балуандардың жаттықтырушылары – ортақ, өздері – жақын дос.
Десе де, боз кілемде жолдары түйіскен соң екеуі де аянып қалған жоқ. Бура санды, атан жілікті жігіттер аңысын аңдауды ұзаққа созбады. Алдымен Мұхит бүк ұпай еншіледі. Келесі кезекте Айбектің жасаған әдісін төрешілер жарамсыз деп таныды. Бұлшық ет жыртылар қармасудан соң Айбек те бүк ұпай алды. Есеп теңесті. Белгіленген уақытта бір-бірінен айласын да, күшін де асыра алмаған балуандарға төрешілер белдесу белгіледі. Мұхитты қапсыра құшақтап тік көтеріп алған Айбек кілемнің шетінен асыра апарып тастады. Жеңіс! Осылайша, түйе балуан атанған Айбек 10 мың АҚШ долларын ұтып алды. Жобаға демеушілік еткен «Қазцинк» компаниясы басқа жеңімпаздарға да қомақты ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы.

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39