Қоғам • 08 Шілде, 2022

Қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтардан бастап балабақша тәрбишілерінің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Министр жақын арада мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақшаларға талап күшейетінін мәлім етті. Яғни, санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтау, бейнебақылаудың болуы, балалармен жұмыс істейтін мамандардың білімді, білікті болуы шарт. Сондай-ақ қызметкерлердің типтік штаттардағы статусқа сәйкес болуы қажет.

«Кейбір фактілерді қарап анализ жасайтын болсақ, кей балабақшалар 40-50 баланы бір топқа жинап қойып жұмыс істейді екен. Ол қандай мықты тәрбиеші болса да, 5-6 күннен кейін қиын жағдайға ұшырайды. Ал, мемлекеттік балабақшаларда түске дейін бір, түстен кейін бір тәрбиеші бар. Топтардағы бала саны 25-тен аспайды. Бұл бостан босқа жасалмаған. Міне, осындай қажетті, маңызды, ғылыммен дәлелденген шешімдерді қабылдап, енгіземіз», деді министр.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов қаңтар айынан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25 пайызға өсетінін айтты.

«Жалақы бойынша қосымша мәселелерді қарастырып жатырмыз. Зерттеулер балабақшада балалардың болашағы қалыптасатындығын көрсетіп отыр. Сондықтан балабақшадан бастап сапалы білім, сапалы тәрбие берсек, мектепте де, колледжде де жақсы көрсеткішке қол жеткізеді», деді министр.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03