Президент • 08 Шілде, 2022

Президент Синдзо Абэнің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Синдзо Абэнің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

«Әлем жұртшылығы Синдзо Абэні елінің дамуы мен баянды болашағы үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет еткен көрнекті саясаткер, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан парасатты көшбасшы деп біледі.

Синдзо Абэнің жарқын бейнесі Қазақстан халқының жадында қазақ-жапон арасындағы достық пен сенімді бекемдей түскен тұлға, сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген мемлекет қайраткері ретінде мәңгі сақталады.

Қазақстан халқының және жеке өз атымнан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша отандастарыңызға қайғыра көңіл айтамын», делінген жеделхатта.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35