Аймақтар • 09 Шілде, 2022

Алматыда 11 шілдеден бастап екі автобус бағыты өзгереді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда екі автобус бағыты өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласының Көлік холдингі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 11 шілдеден бастап екі автобус бағыты өзгереді

Қала тұрғындарының өтініші бойынша 11 шілдеден бастап мына маршруттардың қозғалыс схемалары өзгереді:

Түрксіб ауданы Спасская көшесіндегі №13 маршруттың қозғалысы Солтүстік зиратқа дейін ұзартылды. Бұдан әрі схема бойынша.

№129 маршрут солтүстік бағытта жүріп, Қарасу шағын ауданына, ал оңтүстік бағытта қозғалған кезде Заводская көшесімен тура жүреді. Бұдан әрі схема бойынша.