Спорт • 11 Шілде, 2022

Хет-трик жасауды көздеуде

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарт құрлықта өтіп жатқан «Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші ке­зеңін­де 27 жастағы бельгиялық вело­ша­бандоз Ваут ван Арт алдына жан салмады.

Хет-трик жасауды көздеуде

Нидерландтың Jumbo-Visma клубының намысын қорғап жүрген ван Арт Францияның Доль және Швейцарияның Лозанна қалалары аралығын жалғастырып жатқан 186,3 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 13 минут 04 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды аустралиялық Майкл Мэттьюз (Team BikeExchange – Jayco) бен словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates) иеленді. «Астананың» серкесі Алексей Луценко мәре сызығын 22-ші болып қиып өтті.

Жалпы есепте словениялық Почагар әлі де ешкімге есе жіберетін емес. Оның уақыты – 28:56:16. Екінші орындағы даниялық Йонас Вингегор  (Jumbo-Visma) көш басындағы спортшыдан небәрі 39 секунд қалып келеді. Үшінші сатыға Уэльстің өкілі Герайнт Томас (INEOS Grenadiers) жайғасты. Ал Луценко әзірге 20-орынды қанағат тұтуда.